×
19.07.2022, 13:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындығы өтіп жатыр

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу полигондарында жауынгерлік дайындығы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындығы өтіп жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігі сайтынан

Қорғаныс министрлігі хабарлауынша, басты мақсат – жеке құрамның күндіз және түнде жауынгерлік ахуалдың күрделі жағдайларында жеке және топтық қаруды қолдану білігін тексеру, заңсыз қарулы құрамаларға қарсы белсенді және үйлесімді іс-қимылдар жүргізу.

Біз кез келген ұрыс жағдайына бейімделуіміз керек. Жауынгерлік және кәсіби дағдыларды игерумен қатар, оқ ату да бізді жауапкершілікке тәрбиелейді және моральды тұрғыда шыңдайды, - деді 61993 әскери бөлімінің пулеметшісі Елдос Қойшыбаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері