×
12.07.2022, 14:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектеспек

Еуропалық Одақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновпен кездесуінде айтты, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектеспек
Фото: antikornews

Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткім келеді. Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Тери Хакала.

Кездесу барысында Антикор басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Пікірталастың жеке тақырыбы қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеу болды.

Қазіргі уақытта 171 іс аяқталды. 177 іс бойынша тергеу жалғасуда. Стамбул хаттамасының барлық талаптары сақталуда, - деді Олжас Бектенов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері