×
11.07.2022, 13:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

BALA QORGAU телеграм-ботына 500 өтініш түсті

Сауалдардың көбісі отбасындағы жанжалдарға, балалар мен педагогтер арасындағы қарым-қатынасқа, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларға, буллинг және жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты болған, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

BALA QORGAU телеграм-ботына 500 өтініш түсті
Фото: Ашық дереккөз

Министрліктің хабарлауынша, өтініш бергендердің барлығына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті педагогикалық, психологиялық және басқа да көмектер көрсетілген.

Аталмыш телеграм-ботына жас ана әкесі немерелерін шетелде тұратын туған әкесіне жібермей жатқанын айтып, көмек сұраған. Мәселені қалай шешерін білмеген ана мамандардың көмегіне жүгінген. Ал қамқоршылық органдары департаменттермен бірлесіп қажетті шараларды қабылдады. Сөйтіп, жас отбасы қайта қауышты.

Біз өтініш берушілердің сұрақтарына мүмкіндігінше жылдам жауап беруге тырысамыз. Түскен өтініштер бойынша ата-аналар мен балаларға құқықтық және психологиялық көмек жетіспейтінін байқауға болады. Әрбір өтінішті пысықтап, қажетті көмек көрсетіп, барлық мән-жай анықталып, жағдай толық шешілгенше әр жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз. Әр өтініш 24/7 форматында шұғыл түрде қаралады. Жылдам жауап бергеніміз үшін оқырмандардан алғыс хаттар да келіп жатады. Телеграм-чат балалардың құқықтарын бұзу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қатыгездік көрсету жағдайларын жылдам анықтауға және шешуге көмектеседі, - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Оқушылар арасындағы буллинг фактісі бойынша да шағымдар келеді. Мұнда кішкентай бойы мен ерекше келбеті үшін сыныптастарының мазағына қалған оқушыдан ақпарат түсті. Мамандар баламен және оның сыныптастарымен әңгімелесіп, жанжал шешілген.

 Балаларға психологиялық қолдау қажет. Көптеген ата-ана жұмыстан қолы босамайды және балаларына көп уақыт бөле бермейді. Сол себепті ата-аналардан балаларына көңіл бөліп, әңгімелесуін, олармен жақын болуын сұраймыз. Осылайша қайғылы жағдайларды болдырмауға болады, - деп түсіндірді Элина Паули.

 Сонымен қоса, мұнда мектепте оқушылар арасындағы ақша талап ету жағдайларына қатысты өтініштер түсіп тұрады. Мәселен, жақында облыстардың бірінен 11-сынып оқушысы хабарласқан. Нәтижесінде комитет өкілдері оқушылар арасында қажетті жұмыстарды жүргізіп, педагогтердің назарын осы мәселеге аударған. Сөйтіп, бұл мәселе шешімін тапқан.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері