Elorda.info

Еліміздің бір қаласы коронавирус бойынша қайтадан «сары» аймаққа өтті

Алматы коронавирустың таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ербан Байтанаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің бір қаласы коронавирус бойынша қайтадан «сары» аймаққа өтті

Бұған дейін  елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің «сары» аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдаған:

  • Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
  • COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
  • Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
  • 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі