Elorda.info

COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты әлемде бала туудың төмендегені байқалады

Әлеуметтік желілерде әлемде COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты туу көрсеткішінің төмендегені байқалады деп жазылды. Бұл ақпарат жалған, деп хабарлады Elorda.info.

COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты әлемде бала туудың төмендегені байқалады

Stopfake.kz мәліметі бойынша, COVID-19 қарсы вакциналар бала туу қабілетіне теріс әсер етеді деген теория – бірнеше рет теріске шығарылған ақпарат. Вакцинацияланған ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу қабілетін жоғалтпайтынын дәлелдейтін ғылыми зерттеулер бар.

Айта кетейік, туудың төмендеуі – бұл болып тұратын әлемдік үрдіс. Ол 1950 жылдардағы «baby-boom»-нан кейін бірден басталды. Содан бері әлемде орташа туу көрсеткіші жылдан жылға тұрақты түрде төмендеп келеді. Бұл ретте бала туудың ең төмен деңгейі 1989-1993 жылдар аралығында байқалды.
Бұл үрдіс бірден бірнеше фактормен түсіндіріледі.
 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі