Elorda.info

Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында әскери мүліктер ұрланған, деп хабарлады Elorda.info Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған

Ведомствоның мәліметінше, гарнизондарда шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдары ұрланған. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалған.

Әскери прокуратура Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеріп жатыр. Онымен Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары айналысуда.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі