Elorda.info

Биыл жол апатынан 900-ден астам адам көз жұмды

Елімізде биыл алты айда 900-ден астам адам көз жұмды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info 

2022 жылғы 6 айда Қазақстанда 6 мыңнан аса жол апаты тіркелді. Салдарынан 947 адам қазақ тауып, 8 110 адам түрлі дене жарақатын алды. Жол апатының басым бөлігіне жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін саналы түрде бұзуы себеп, - деді Ақтоты Боранова.

 

ІІМ айтуынша, жол-көлік оқиғасының 95%-ға жуығы жүргізушілердің кінәсінен болады. Жалпы елімізде жыл сайын жол-көлік оқиғасынан шамамен екі мыңнан аса адам көз жұмады. Одан бөлек 20 мыңнан астам адам түрлі дене жарақатын алады.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі