Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 23:04
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Экология министрлігі Каспий итбалықтары неден қырылғанын айтты

Министрлік бір топ ғалымдармен бірлесіп, қырылған итбалықтардың азу тістерін қарап, бірнеше қорытынды жасады, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Экология министрлігі Каспий итбалықтары неден қырылғанын айтты
Фото: Ашық дереккөз

Министрліктің мәліметінше, олардың нақты неден қырылғанын анықтау мүмкін болмаған. Себебі табылған итбалықтардың денесі ыдырап кеткен.

Итбалықтардың жаңа туған ақкүшіктері мұзбен бірге ашық теңізге шыққан немесе олар тікелей теңіздегі суға түсіп, әлсіреп қалған. Өздеріңіз білетіндей, бұл аймақта 2021-2022 жылдың қысы өте жылы болды, бұл мұз құрамына және оның қатты жабынына теріс әсер етті, сәйкесінше тіршілік ету кезінде немесе қатты жел салдарынан мұз бөлінген. Итбалықтары күшіктерімен бірге ашық теңізде қалған және бір-бірімен байланыс үзіліп, жаңа туған күшіктер әлсіреп өлген, - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Бақытжан Исақаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері