Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 15:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Құны 5,5 млн теңге шабдалыны елге заңсыз әкелмек болған

Өзбекстаннан Түркістанға 9 тоннадан аса шабдалыны  заңсыз әкелмек болған. Кедендік төлемдер мен салықтардан жалтаруға тырысқандардың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлады Elorda.info  Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Құны 5,5 млн теңге шабдалыны елге заңсыз әкелмек болған
Фото: Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған автокөлікке қатысты инспекционды-тексеру кешені арқылы кедендік бақылау кезінде күдік туындап, кедендік жете тексеру жүргізілді. Кедендік жете тексеру нәтижесінде кеден бекетінің қызметкерлерімен тауарға арналған декларациясында көрсетілмеген 9180 кг жемістер (шабдалы) анықталған. Оның жалшпы кедендік құны 5,5 млн теңгені құраған. Артық шыққан тауарға қатысты кедендік төлемдер мен салық соммасы – 677,7 мың теңгені құрады, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері