Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 11:07
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мемлекеттік елтаңбалар қоқыстан табылды

Павлодардағы индустриалды аймақта мемлекеттік елтаңба қоқысқа тасталған. Тәртіп бұзушыларға 2000 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік елтаңбалар қоқыстан табылды
Фото: Pavlodarnews.kz

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік елтаңбалардың полигон, саяжайлар мен ҚЭС санитарлық аймағының шекарасында орналасқаны туралы ақпарат пайда болды.

Дұрыс жойылмаған мемлекеттік рәміздерді экологтар тауып алды.

Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері құрған жұмыс тобы алюминий зауытынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан қоқыс тастайтын жерге арнайы барды.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала шетіндегі құрылыс қоқыстарының арасынан Қазақстан Республикасының екі елтаңбасы табылған.

Тергеу-жедел тобы оқиға орнына барды. Қылмыстық кодекстің 372-бабы – мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді облыстың ПД өкілдері.

Тергеу шаралары жүргізілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері