Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 12:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

Бүгіннен бастап елде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгереді, деп хабарлады Elorda.info Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді
Фото: Ашық дереккөз

Бұдан былай ХҚКО мереке күндерін қоспағанда сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз сол күйінде қалады (9.00-ден 20.00-ге дейін).

ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ қазақстандықтар «ХҚКО» қосымшасы арқылы бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері