Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 11:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елдегі вагондардың 800-і ескі

Еліміздегі вагондардың 800-ге жуығы ескі. Олардың көбісі 44 жылдан бері жүр, деп хабарлады Elorda.info «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Елдегі вагондардың 800-і ескі

Бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының паркінде 2 мың 215 вагон бар. Оның шамамен 1 мыңнан астамы ескі үлгіде екен. Бір айта кетерлігі, вагон іші әр 3 сағат сайын тазартылып тұрады.

Сұранысы жоғары Алакөл бағытына 11 пойыз қатынап жатыр. Оның бесеуі Алматыдан, қалғандары Нұр-Сұлтан мен Шығыс Қазақстан облысынан. Өткен жылдардағы сын-ескертпелерді қаперге ала отыра, биыл барлығын желдеткішпен қамтып, купе вагондарын көбейттік, Тальго пойыздарын қостық, - деді «Жолаушылар тасымал» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері