Нұр-Сұлтан 16.1°
×
30.06.2022, 17:37
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Аптап ыстыққа байланысты пойыздар жылдамдығына шектеу қойылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздар қозғалысының жылдамдығына шектеу қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Аптап ыстыққа байланысты пойыздар жылдамдығына шектеу қойылды
фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы +40°С, оңтүстік және батыс облыстарда +45°С дейін көтерілді. Яғни, сыртқы температура +40°С - 45°С болған кезінде рельстер +58°С - 62°С дейін қызады.

Осыған байланысты пойыздар діттеген жеріне кешеуілдеп жетеді. Компания келтірілген қолайсыздықтарға жолаушылардың түсіністікпен қарауын сұрайды.

Қолайсыз ауа райы пойыз машинисінің жұмысын да айтарлықтай қиындатады. Локомотив бригадаларына аптап ыстық кезінде пойыздарды ерекше тәртіпте ұстау тапсырылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері