Нұр-Сұлтан 22.1°
×
30.06.2022, 12:54
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова күдікке ілініп, іздеу жарияланды, деп хабарлады Elorda.info Антикорға сілтеме жасап.

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген утильалым қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова күдікке ілінді, - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, агенттік телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424 +7 (7172) 909 260.

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген, - делінген хабарламада.

Хабарламаның құпиялығына кепілдік берілетінін айтылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері