Нұр-Сұлтан 17.9°
×
30.06.2022, 08:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Аптап ыстық, нөсер жауын, бұршақ: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер бейсенбі күні ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді. Жел күшейіп, жаңбыр жауады, оңтүстік өңірде аптап ыстық болады, деп хабарлады Elorda.info.

Аптап ыстық, нөсер жауын, бұршақ: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Синоптиктердің болжауынша, күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Алматы облыстарында, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қаласында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 2-7, күндіз екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +35+37°С болады.

Шымкент қаласында солтүстік-батыстан күші 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері