Нұр-Сұлтан 19°
×
29.06.2022, 20:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Құны 900 мың теңге болатын заңсыз сауданың жолы кесілді

Атырауда құны 900 мың теңге акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді, деп хабарлады Elorda.info  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Құны 900 мың теңге болатын заңсыз сауданың жолы кесілді
Фото: Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті

Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау бойынша іс-шаралар жүрізіліп, 3 жеке тұлға бойынша бұзушылықтар анықталған.

1520 бөтелке алкоголь өнімдерін заңсыз жолмен сату (бағасы 418 мың теңге); 2000 литр дизельдік отынды заңсыз жолмен сату (бағасы 320 мың теңге); 260 пачка Bond және LM темекі өнімдерін заңсыз жолмен сату фактілері анықталды (бағасы 154,6 мың теңге), - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде іс материалдары Атырау қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері