Бүгін Мәжіліс депутаттары «Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, - деп хабарлады Elorda.info Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан былай мемлекеттік табиғи парктерді ластаған азаматтарға салынатын айыппұл көлемі ұлғаяды.
Заңсыз ағаш кесудің тұрақты динамикасын ескере отырып, Заң жобасымен мынадай көрсеткішті төмендету ұсынылады: Елеулі залал 100-ден 50 АЕК-ке дейін; Ірі залал 1000-нан 500 АЕК-ке дейін. Бұл ретте аса ірі залал көрсеткіші өзгеріссіз қалады және 2000 АЕК құрайды, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.