Нұр-Сұлтан 19.1°
×
29.06.2022, 19:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Атырау облысында құстар неден қырылды

Қашаған кен орнының екі жасанды аралында қара-ала тұқымды  2750 құс жаппай қырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Атырау облысында құстар неден қырылды
фото: ашық дереккөзден

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрды. Олар құстардың өлу себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізді.  Су, топырақ, ауа және құс өлексесінен сыныма алынды.

Нәтижесінде өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталған. Бүгінде Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері