Нұр-Сұлтан 21.3°
×
22.06.2022, 18:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жаңа облыстардағы көліктердің нөмірі қандай болады

Ішкі істер министрлігі Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында автомобильдерге қандай код берілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңа облыстардағы көліктердің нөмірі қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына байланысты қазақ әліпбиіндегі тәртіппен беріледі. Осыған байланысты жаңадан бөлінген үш облысқа: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19 және Ұлытау облысы – 20 кодын беру ұсынылды, - деді ІІМ өкілдері.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, облыс тұрғындарына бұрынғы нөмірлерін ауыстырудың қажеті жоқ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері