Нұр-Сұлтан 11.6°
×
13.06.2022, 19:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада бала күтуші зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті

Қалалық полицейлер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұрлық жасаған 39 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада бала күтуші зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті
фото: ашық дереккөзден

Деректерге сәйкес, күдікті екі ай бойы арызданушылардың отбасында күтуші болып жұмыс істеген. Ол өз міндеттерін атқарып жүріп, жатын бөлмедегі шкафтан алтын бұйымның жиынтығын көрген. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, күтуші жалпы құны 700 мың теңге тұратын неке сақинасын, балаларға арналған алтын алқаны, кулонды және әйелдерге арналған үш алтын алқаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген.

Аталған дерекке байланысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері