Хабарламаға тіркелген сауалнама сілтемесі «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ ресми интернет-ресурсына емес, бөгде сайтқа апарады, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде мемлекеттен көлік субсидияларын алуға болатындығы туралы хабарлама тарады, оны алу үшін сілтеме бойынша өтіп, сауалнаманы толтыру қажет екені жазылған. Сауалнама алаяқтар үшін пайдаланушылардың деректерін жинайтын фишингтік сайтта жарияланған.
Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ» «субсидиялар төлеу» туралы таратылымды фейк деп танып, теріске шығарды. Баспасөз қызметі таратылған ақпараттың ұлттық компанияға қатысы жоқ деп мәлімдеді.