Нұр-Сұлтан 9.9°
×
07.06.2022, 21:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда ұрлық жасаған 23 жастағы қыз ұсталды

Елордада аяқ киім дүкеніндегі ұрлық болған сәт сауда орнындағы бейнекамералардың объективіне түсіп қалған, деп хабарлады Elorda.info

Нұр-Сұлтанда ұрлық жасаған 23 жастағы қыз ұсталды
фото: Polisia.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті кешкі уақытта Жеңіс даңғылындағы «Башмачок» дүкеніне келген. Ол сөреден ерлердің спорттық аяқ киімін алып, жұмсақ жиһазға отырады. Содан кейін сатушылар орнында болмаған сәтте аяқ киімді сөмкесіне салып, дүкеннен шығып кеткен. Оның басты мақсаты – тауарды қайтадан сату болыпты.

Аталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері