Елордадағы «Алматы» ауданының полиция қызметкері ірі сауда орнында ұрлық жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info
Polisia.kz мәліметінше, 48 жастағы ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол дүкенде сатушының жоқтығын байқап, «Gillette Mach3 Turbo» маркалы ұстара машиналарына еркін түрде қол жеткізген. Шығын сомасы 20 мың теңгеден асады деп бағалануда. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның Елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.