×
02.06.2022, 19:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жариялады, деп хабарлады Elorda.info агенттік Telegram-арнасында сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды
Фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі 31.01.1976 жылы туған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат Ибулла Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.

Ибулла Сердіні көрген не ол туралы қандай да ақпарат белгілі болған жағдайда ҚМА сенім телефонына (+7 7172 708 478, +7 7172 767 921) немесе Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекен жайы бойынша хабарласуға болады.

Осы ретте ведомство іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген азаматқа ақшалай сыйақы белгіленетінін, анонимділікке кепілдік берілетінін атап өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері