Нұр-Сұлтан 9.9°
×
01.06.2022, 13:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде Toyota Camry және Toyota RAV 4 көліктері сатылмайтын болды

Елімізде Toyota Camry және Toyota RAV 4 автомобильдерінің сатылымы тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде Toyota Camry және Toyota RAV 4 көліктері  сатылмайтын болды
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл модельдердің cатылымнан алынып тасталуына Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты жұмысының тоқтатылуы себеп болып отыр. Бұған дейін көліктер сол жерден өндіріліп, Қазақстанға жеткізілетін. Бүгінде автомобиль компоненттерін жеткізудің кешіктірілуіне байланысты өндіріс тоқтатылды.

«Тойота Мотор Қазақстан» автокөлік тапшылығына байланысты жағдай уақытша сипатқа ие деп хабарлайды. Компания баламалы шешімдерді іздеумен айналысады. Бұл Toyota RAV 4 және Toyota Camry модельдерінің жоғары сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп санаймыз, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының дерегінше, 2021 жылы ең көп сатылған көліктердің ішінде Toyota үштікке енді. Жапон маркасының дилерлері 13,8 мыңнан астам автомобиль сатқан. Оның ішінде Camry моделі 5599 рет саудаға түскен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері