Elorda.info

Қазақстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін

«Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының көшбасшысы Жәмила Садықова электронды шылымның акцизін қымбаттатуды ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін

Қыздырылатын темекінің әр данасына акциз енгізуден бөлек Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб әмірліктерінің жақсы тәжірибесі бар – электронды шылым құрылғысының құнынан 50 пайыз алым төленеді. Мысалы бір рет қолдануға арналған электронды шылымның бағасы 2 мың теңге болса, акцизі мың теңге болады. Соның есебінен құны 3-3,5 мың теңгеге қымбаттайды, - деді Ж.Садықова.

Сарапшының сөзіне қарағанда, осының арқасында электронды шылымға балалардың қол жеткізуі қиындамақ.

Біз де осындай акциз енгізсек, электронды шылымның қолданысын шектеп, сол шектеулі сауданың өзінен жақсы табыс көруге мүмкіндік аламыз. Яғни ондай саясаттан мемлекет ұтады. Украинада электронды шылым акцизінен жыл сайын 200 млрд теңгедей кіріс түсіп отырған. Біз жыл сайын 80 млрд теңге кіріс кіргізе аламыз. Бұдан тек табак индустриясы ғана зардап шегеді, – деді қоғамдық ұйым басшысы.

Ұлттық коалиция жетекшісі Қазақстан аумағында электронды шылымның айналымын шектеуді ұсынып отыр.

Әзірге вейптердің айналымына тыйым салынбағандықтан, тек депутаттардың ұсынысы күйінде қалып келе жатқандықтан, бұл нарықтан салық өндіру керек. Яғни, нарықта бар кезінде жақсы салық өндіріп қалу қажет. Ол бюджеттің кірісіне түседі. «Түтінсіз» шылымға тыйым 2020 жылы салынды. Екі айдың ішінде тыйым күшіне енді де, нарық одан ауыр зардап шеккен жоқ. Қазір сол кезде елге кіргізіліп үлгерген қалдығы сатылып жатыр. Кейін мүлде нарықтан жоғалады. Денсаулық сақтау министрлігі қолдаса, вейптердің сатылымына да бір жылдың ішінде тыйым орнатуға болады, - деді Жәмилә Садықова.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі