Elorda.info

Үсік жүреді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 28-30 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info

Үсік жүреді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон жырасының ықпалында болады, ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады. Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде 2 градус аяз болады деп күтілуде. Қазақстанның батысында ғана Батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температураның жоғарылауы күтіледі: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30-ға дейін, оңтүстігінде – 33, солтүстігінде – 23-28-ге дейін, орталығында – 25-30-ға дейін, – делінген хабарламада.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі