Нұр-Сұлтан 14.5°
×
26.05.2022, 12:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

23 маусымнан бастап FlyArystan лоукостері Нұр-Сұлтан – Бішкек жаңа бағытын ашады, деп хабарлады Elorda.info әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбіде Airbus A320 жайлы бортында орындалатын болады.

Билеттер агрегаторларда, қосымшада және лоукостердің ресми сайтында сатылымда бар. Құны 14 900 теңгеден басталады. Оған борттағы кездейсоқ орын және салмағы бес килограмм қол жүгі қосылған.

Қазақстанға қайтар жолда сізден Манас әуежайына ұшуға дейін 4-3,5 сағат бұрын келуіңізді сұраймыз, өйткені қазіргі уақытта онда бір ғана өткізу пункті жұмыс істейді, - деп ескертеді әуекомпания.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 мамырынан бастап Қырғызстанға кіру үшін ПТР-тест немесе вакциналау паспорты қажет емес.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері