Нұр-Сұлтан 16°
×
26.05.2022, 08:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: Василий Крась

Ресейдің Екатеринбург аймағынан шыққан циклон республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады. 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, - деп болжайды синоптиктер.

Сонымен қатар, орталықта найзағай ойнап, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін. Ал, солтүстік-батыс антициклонының басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі ықтимал. Мәселен, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері