Нұр-Сұлтан 16°
×
24.05.2022, 14:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тергеуші 26 жыл бұрын жазылған хатты иесіне тапсырды (ВИДЕО)

ШҚО ПД тергеушісінің арқасында 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі Айдана Серіковаға ресейлік азаматша Надежда Лавриковадан алғыс сөздерімен бейнехабарлама келіп түсті. Ол 1996 жылы Риддер қаласында болған Надежданың күйеуінің өлімі туралы қылмыстық істі тергегені үшін алғысын білдірді.

Айдана Серікова қылмыс жасаған адамдарды анықтап, түпкілікті процессуалдық шешім қабылдаған. Белгілі болғандай, іс материалдарынан аға тергеуші марқұмның қызы мен әйеліне жазған, бірақ оны сол кезде Ресей Федерациясында болған туыстарына жіберіп үлгермеген хаттарын тапты.

Айдана Серікова марқұмның жақындарын тауып, оларға 26 жыл бұрын алуға тиіс хаттарды жіберуді ұйғарды. Ол әлеуметтік желілерден марқұмның әйелі мен қызын іздеп, бір айдан кейін жәбірленушінің қызын тауып, оған барлық мән-жайды айтып берген. Бұл жаңалыққа қуанған қызы анасымен де сөйлесуін өтінеді.

Осылайша, хат жақындарына 26 жылдан кейін жетті. Айдана Серікова бұл хатта бір кісінің өмір тарихы, қызы мен жарына деген махаббаты мен оларға жеткізе алмаған сағыныш сезімі жазылғандықтан, ол бұл хатқа бейжай қарай алмағанын айтты.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері