Нұр-Сұлтан 10.1°
×
24.05.2022, 14:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қазақстан мен Ресей арасында жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданады

Биыл маусым айынан бастап үш мемлекетаралық пойыз Ресей Федерациясына қарай жүре бастайды. Пойыздар маршруттар бойынша жүреді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан мен Ресей арасында жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданады

2022 жылғы 3 маусымнан бастап жұма және сейсенбі күндері Қарағандыдан жөнелтілетін "Қарағанды-Омбы" бағытындағы №145/146 пойызы. Құрам 2022 жылғы 4 маусымнан бастап сенбі және сәрсенбі күндері Омбыдан Қарағандыға шыға бастайды, – делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ хабарламасында.

Сонымен қатар "Алматы-2 – Қазан" бағытындағы №113/114 пойызы Алматыдан 2022 жылдың 6 маусымынан бастап дүйсенбі күндері жөнелтіледі. Ол Қазаннан Алматыға қарай 2022 жылғы 9 маусымнан бастап бейсенбі күндері кері жүре бастайды;

"Қарағанды – Мәскеу" қатынасындағы №83/84 пойыздың қатынауы Самара станциясына дейін қысқарады. Ол Қарағандыдан 2022 жылғы 8 маусымнан 30 шілдеге дейін жұп күндері жүретін болады.

Құрам Омбыдан Қарағандыға 2022 жылғы 10 маусым мен 30 шілде аралығында жұп күндері қатынайды.

Сонымен қатар, 1 тамыздан 31 тамызға дейін осы пойыз Қарағандыдан Самараға және Самарадан Қарағандыға тақ күндері жолға шығады. Биыл 2 қыркүйек пен 30 қазан аралығында пойыз Қарағанды мен Самарадан жұп күндері қатынайтын болады. 1 қарашадан 9 желтоқсанға дейін – Қарағандыдан Самараға тақ күндері қатынайды. Самарадан Қарағандыға 1 қарашадан 11 желтоқсанға дейін пойыз тақ күндері жүретін болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері