Нұр-Сұлтан 14.5°
×
23.05.2022, 23:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов жазасын Қостанай облысында өтейтін болды

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған алматылық Игорь Дужнов жазасын Қостанай облысында өтейтін болды, деп хабарлады Elorda.info

5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов жазасын Қостанай облысында өтейтін болды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомства мәліметінше, ҚК 99-бабының 2-бөлімі («Екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушы өткен жылдың қазанынан бастап Алматының тергеу изоляторында жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: 5 адамды атып өлтірген Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қазақстанда 80 түзеу мекемесі бар. Олардың біреуі ғана Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 өмір бойына сотталған адамдарға арналған. Джунов мерзімін өтейтін төтенше қауіпсіздік мекемесі Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан, - деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері