Нұр-Сұлтан 22.9°
×
23.05.2022, 12:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Кәдеге жарату төлемін 14 мамырдан кейін жасағандардың төлемі қайта есептеледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемелерінің әрекетіне қатысты “Жасыл даму” АҚ консультациялар өткізілгенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Кәдеге жарату төлемін 14 мамырдан кейін жасағандардың төлемі қайта есептеледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі №138 бұйрығына сәйкес кәдеге жарату төлемінің ставкалары 50%-ға төмендетілді, осы бұйрық биылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.

14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлемелер бойынша кәдеге жарату алымын төлеу жүзеге асырылған жағдайда, “Жасыл даму” АҚ қайта есептеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес артық төленген соманы қайтару жүзеге асырылады. Дәйексіз ақпаратқа бой алдырмауларыңызды, күмәнді хаттарға жауап бермеулеріңізді, тек ресми дереккөздердің ақпараттарына назар аударуларыңызды сұраймыз, – делінген министрлік ақпаратында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері