Нұр-Сұлтан 22.9°
×
23.05.2022, 08:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК 23 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
Фото: ашық дереккөзден

Бұл күні солтүстік-батыс циклонның әсері сақталады және онымен байланысты фронтальды жаңбыр жауады. Елдің батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болып, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысын шаңды дауыл басады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстік-шығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Атырау облысының басым бөлігінде түнде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының күндіз басым бөлігінде шаңды дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай болжанады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, солтүстігінде, облыстың орталығында екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысында солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады, солтүстігінде, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, түнде солтүстікте, батыста, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысында түнде оңтүстікте, шығыста және таулы, тау бөктерінде, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай түсіп, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болжанады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойап, жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері