Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 15:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматы облысында қоқыстан 4 жасар қыздың денесі табылды

Алматы облысы Сарқан ауданында қоқыс үйіндісінен 4-5 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы облысында қоқыстан 4 жасар қыздың денесі табылды
Фото: ашық дереккөз

Полицейлер анықтағандай, баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ, балада туабітті ақыл-ой кемістігі болған. 

Биыл ақпанда бала ауырып, кейін қайтыс болған. Ал сәбидің анасы ағасымен бірге қызды қала шетіне жасырын түрде жерлеген.

Қажет сараптамалар тағайындалды. Тергеу ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктілердің екеуі де аудандық полицияға жеткізілді, - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері