Нұр-Сұлтан 10.1°
×
19.05.2022, 14:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Жасыл Қазақстан»: Елдегі ең өзекті мәселелер қандай

БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұлттық серіктестермен бірлесіп, 2022 жылғы наурыз бен мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстан өңірлерінде өткен Тұрақты даму саласындағы неғұрлым басым экологиялық мақсаттарды (ТДМ) талқылау бойынша сарапшылардың ұлттық консультацияларының қорытынды сессиясын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

 

«Жасыл Қазақстан»: Елдегі ең өзекті мәселелер қандай

Талқылау қорытындысы Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында Швецияның Стокгольм қаласында 2022 жылғы 2-3 маусым аралығында өтетін «Стокгольм+50: жалпыға ортақ өркендеу үшін сау ғаламшар — біздің жауапкершілігіміз, мүмкіндігіміз» атты халықаралық кездесуде ұсынылатын болады.

Ұлттық консультациялар Қазақстанның барлық өңірлік орталықтарында онлайн және оффлайн форматтарда өтті. Оған жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бастамалары және ЖОО өкілдерінен 2000-нан астам адам қатысты. Ұлттық консультациялардың мақсаты – Қазақстан үшін неғұрлым басым ТДМ айқындау және оларға қол жеткізудің тиімді жолдарын белгілеу.

Ұлттық консультациялар аясында жергілікті қоғамдастықтармен талқылау Қазақстанда бірінші кезекте шешілуі қажет негізгі бағыттар мен проблемаларды анықтауға көмектесті. Климаттың өзгеруі, табиғатты сақтау, қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес және COVID-19-дан кейін қалпына келтіру мәселелері әсіресе ел үшін өзекті. Осы консультациялар және «Стокгольм+50» кездесуі тұрақты шешімдер әзірлеуге және ТДМ-на қол жеткізуге септігін тигізеді деп үміттенеміз, — деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Консультациялардың қорытынды сессиясы мынадай үш бағытта өтті: сау ғаламшарға қол жеткізу және жалпыға ортақ өркендеу; COVID-19 пандемиясынан кейін орнықты және инклюзивті қалпына келтіруге қол жеткізу; іс-қимылдар онжылдығы мәнмәтінінде орнықты дамудың экологиялық аспектісін іске асыруды жеделдету. Нәтижелерге сәйкес, Қазақстанда ТДМ күн тәртібі шеңберіндегі ең өзекті тақырыптар дәстүрлі энергия тасығыштарға тарифті нарықтық реттеу және жаңартылатын энергетиканы дамыту, «жасыл» жұмыс орындарын құру, таза су мен санитарияға қол жеткізу, қоқысты қайта өңдеу, орнықты ауыл шаруашылығы мәселелері, экологиялық ағартудың және «жасыл» қаржыландыруға қол жеткізудің маңыздылығы мәселелері болып айқындалды.

Қатысушылар, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын және орнықты дамуға қол жеткізудегі прогресті жеделдетуге ықпал ететін ұлттық деңгейдегі басқа да саясаттар мен шараларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды атап өтті.

Швецияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Матс Фойер мырзаның айтуынша, «Стокгольм +50 конференциясы салауатты планетаға жету жолында пандемиядан кейін қалпына келтіру және одан әрі даму үшін қажетті шараларды қабылдау үшін өткізілуде. Ол тұрақты жаһандық экономикаға көшу үшін саясатты әзірлеу және серіктестік құру форумын қамтамасыз етеді».

Стокгольм+50 халықаралық кездесуі БҰҰ Бас Ассамблеясының 2021 жылғы мамырдағы қарарына сәйкес Іс-қимылдар онжылдығы ішінде (2020-2030 жж.) Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды жеделдету мақсатында, оның ішінде COVID-19 пандемиясынан кейін орнықты қалпына келтіру жолымен өткізіледі. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері