Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 13:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Полицияға интернет алаяқтарының мекенжайын анықтайтын құрал-жабдықтар сатып алынды

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Полицияға интернет алаяқтарының мекенжайын анықтайтын құрал-жабдықтар сатып алынды
Фото: ашық дереккөз

Қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдар кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция бөлімшелеріне интернетті бақылау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қазақстандық пайдаланушыларын (алаяқтарды) анықтау үшін заманауи құрал-жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық жүйені сатып алды, – деді Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының Mudarabah Capital компаниясына қатысты сауалдарына жауап бере отырып. 

Ол өткен жылдың басынан бері Бас прокуратура қылмыстың бұл түріне қарсы нақты шаралар қабылдағанын еске салды.

Үйлестіру кеңесі өткізілді, ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды, іс-шаралар жоспарлары мен әдістемелік құралдар әзірленді, микрокредиттер беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, типологиясы мен өзара іс-қимыл жоспары қабылданды, қаржы пирамидаларының сыртқы белгілерінің тізбесі анықталды. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған алаяқтыққа қарсы іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында бірлескен шаралар кешені әзірленді. Осыған байланысты Жол картасының тармақтарын жүзеге асыру үшін Бас прокуратура жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, – деп толықтырды өзін Бас прокурор.

Сондай-ақ, оның айтуынша Ішкі істер министрлігінің білікті мамандарын даярлау мақсатында, алаяқтық және қаржы пирамидалары бойынша қылмыстық істерді тергеу тактикасы мен әдістеріне бағытталған арнайы оқыту бағдарламалары әзірленген. 

Полицияның аумақтық бөлімшелерінде осы санаттағы істерді ашуға және тергеуге маманданған тұрақты тергеу-жедел топтары құрылды. Қаржы мониторингі агенттігі ықтимал қаржылық пирамидаларды ерте анықтау механизмін енгізді, – деді Берік Асылов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері