Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 10:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жастарға арналған «Жас жігер» жобасы басталды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жас жігер» жобасы басталды. Жоба аясында «Жас жігер» қоғамдық бірлестігі жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Elorda.info.

Елордада жастарға арналған «Жас жігер» жобасы басталды
Фото: Василий Крась / Elorda Aqparat

Негізгі мақсатымыз – жастарға арналған қайтарымсыз гранттар мен тұрғын үйге арналған түрлі бағдарламаларды түсіндіру. Себебі жастарға көп көңіл бөлініп жатыр. Соны жастар білсе деген ниетіміз бар. Жастар осы бағдарламалар арқылы дамып, өз жағдайын жасаса, біз тек қуанамыз. Қаладағы «Ұлжан», «Сәлем», «Көктал» базарларына да барып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, – деді «Жас жігер» қоғамдық ұйымының мүшесі Бақытбек Архарұлы.

Кәсіпкер Айбын Жасталапов бағдарламалардың ішінде «Бастау бизнес» жобасы өзіне тиімді екенін айтты.

Бұрын мұндай бағдарламаларға аса бір мән бермейтінмін. Жаңа түсіндірген кезде мүмкіндік көп екенін байқап отырмын. Алдағы уақытта «Бастау бизнес» жобасына грантқа тапсырып көремін. Жалпы басқа бағдарламалардың да тиімді тұстары көп екен,деді кәсіпкер.

Ұйымдастырушылар базарды аралап, кәсіпкер жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері