Нұр-Сұлтан 10.1°
×
19.05.2022, 10:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтан базарларында азық-түлік бағасы тұрақты

Нұр-Сұлтанда орналасқан төрт ірі сауда орталығындағы азық-түлік бағасы бұл аптада тұрақты.  Elorda.info журналисі әдеттегідей базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.

Нұр-Сұлтан базарларында азық-түлік бағасы тұрақты
Фото: kazpravda.kz

Базарларда көкөніс дәл кешегі бағамен саудалануда. Қант, күріш және макарон өнімдерінің де құны өзгермеген.

Картоп бағасы төрт базарда да шамамен бірдей, тек бір-бірінен 10-20 теңгедей ерекшеленеді. Күріштің ең арзаны «Шапағатта» болса (235 теңге), ең қымбат күріш «Астаналық» базарында (398 теңге) сатылып жатыр. Ал макарон өнімдерінің бағасы «Көк базарда» төмен – 200 теңге, «Әлем” базарында – 250 теңге, «Шапағатта» 270 теңге, ал «Астаналық» базарында 321 теңгеге сатылып жатыр. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері