Нұр-Сұлтан 10.1°
×
19.05.2022, 08:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жазда ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда жазда ауа райы тұрақсыз болады деп болжайды, деп хабарлады Elorda.info.

Жазда ауа райы қандай болады
фото: ашық дереккөзден

Консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс бөлігінде ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс бөлігінде нормаға жақын болады.

Тамыз айында Қазақстанның көптеген облыстарында салқын болады. Температуралық фон климаттық норма шегінде қалады, - делінген хабарламада. 

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады.

Республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр көп жаууы мүмкін, - дейді синоптиктер. 

Анықтама: маусымдық ауа райы болжамы, қаралып отырған маусым үшін климаттық шамалардан ауытқу (аномалиялар) түрінде (көпжылдық норма) көрсетілген орташаланған метеорологиялық параметрлердің (ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері) сипаттамасын білдіреді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері