Қазақстанда жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды. Аталған конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең, деп хабарлайды Elorda.info ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.
Жалпы ережелері
1. Конкурс өткізудің мақсаты:
2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ, қоғамдық пайдалы қызметке атсалысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
4. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
1. Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
2. Жергілікті атқарушы органдар облыс, қала, аудандарда мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттары арасынан конкурстың жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия құрады, сондай-ақ, ол туралы ереже, іріктеу өлшемшарты және конкурсты өткізу форматын бекітеді.
3. Осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды", – делінген хабарламада.
Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін жыл сайын ұйымдастыру комитеті отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін тапсыра отырып өткізеді. Қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Байқау лауреаты атағы қайталап берілмейді.