Нұр-Сұлтан 16.2°
×
16.05.2022, 19:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақылы автотұрақтар көк жолақпен белгіленеді

Пилоттық жоба әзірге астанадағы Нұржол бульварында іске қосылды. Көк түсті жол сызықтары жүргізушілерге ыңғайлы болуы үшін қарастырылған, деп хабарлайды Elorda.info «Астана тұрақ кеңістігі» сайтына сілтеме жасап.

Ақылы автотұрақтар көк жолақпен белгіленеді
Фото: ашық дереккөз

Ашық көк сызықтар ақылы аймақты бөліп, жүргізушілердің назарын аударуы керек. Егер бұл жаңалықты қала билігі мақұлдаса, болашақта елорданың барлық ақылы тұрақ аймағы көк жолақпен бөлінетін болады, – делінген хабарламада.

Тұрақ ақысын алғашқы 30 минутта төлеу керек.

Жұмыс күндері ақылы тұрақ сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қолжетімді. Ал демалыс және мереке күндері тұрақтарды тегін пайдалануға болады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері