Нұр-Сұлтан 16°
×
16.05.2022, 16:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордада соңғы екі аптада 76 адамды кене шаққан

Биыл мамыр айының алғашқы екі аптасында 76 астаналықты кене шаққан, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада соңғы екі аптада 76 адамды кене шаққан
Фото: ашық дереккөз

Мамыр мен маусым айлары кенелердің көбейетін маусымы болып саналады. Мәселен, елордада 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде (29 наурыздан 16 мамырға дейін) кенеден зардап шеккен 109 адам тіркелген, оның ішінде 44-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 жағдайға (81) көп.

Көрсеткіштердің мұндай жоғары болуының себебі ауа райының жылынуымен және халықтың белсенділігімен байланысты. Соңғы екі жылда COVID-19 бойынша карантиндік шектеулер болып, сәйкесінше адамдар қозғалысы шектелген болатын. Қазір шектеулердің жеңілдетілуіне орай мамыр айының соңғы мерекелеріндегі адамдардың белсенділігі өз нәтижесін берді.

Кенелердің шабуыл жасау факторлары бойынша Ақмола облысы – Бурабай, Зеренді, Қосшы, Қоянды, Максимовка, Жібек жолы және елордадағы тұрғылықты аумағы бойынша, Вячеслав су қоймасы, Ботаникалық бақ және т.б. сияқты аудандарға табиғатқа шығу кезінде оқиғалардың ең көп саны байқалды.

Елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті орманда және табиғат аясында кенелерден қорғану үшін (қалалық саябақта да болуы мүмкін) арнайы репелленттерді пайдалануды және жабық, тығыз бекітілген шалбар, жоғары аяқ киім сияқты киім формасын ойластыруды ұсынады.

Пикникке шықпас бұрын кенеге қарсы аэрозольдер сатып алу туралы ұмытпаңыз. Табиғат аясында болған кезде өзіңізді және балаларыңызды әр 15-20 минут сайын тексеріп отыруыңыз керек. Үйге кірер алдында үстіңізді мұқият тексеру қажет. Кенелер тек сіздің ғана үстіңізде емес, сонымен қатар заттарда (сөмке, рюкзак), гүлдерде (немесе басқа да жұлынған өсімдіктерде), үй жануарларында да болуы мүмкін. Кене шаққан жағдайда мүмкіндігінше тез алып тастау керек, себебі боррелиозды жұқтыру қаупі шаққан уақытына тікелей байланысты. Жәндіктерді жою үшін травпункт орталығына хабарласқан дұрыс, алайда кенеден өзіңіз де құтыла аласыз. Ол үшін кенені пинцетке оратылған  жұмсақ губкамен алып тастау керек, қабынудың одан әрі алдын алу үшін кененің денесін басынан жұлып алмауға тырысыңыз, - делінген хабарламада.

Егер кене  энцефалит бойынша эндемиялық аймақтарда  шаққан  болса және адам вакцинация алмаса, онда дәрігер көрсетілімдері бойынша иммуноглобулинді енгізетін жақын маңдағы жарақат пунктіне бару керек. Препаратты мүмкіндігінше ертерек, яғни шаққаннан кейін максимум 72 сағаттан кейін, тым болмағанда 24-48 сағат ішінде енгізу керек.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері