Нұр-Сұлтан 16°
×
16.05.2022, 13:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалып кетті

Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген жас сарбаз жоғалып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалып кетті
фото: ашық дереккөзден

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамыр күні Ақтау қаласындағы 6656 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі патрульдік-күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімшеге қайтып келмеген.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2003 жылы туған. Қорғаныс істері жөніндегі департамент оны 2021 жылдың маусым айында әскерге шақыртқан.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері