Нұр-Сұлтан 14.5°
×
16.05.2022, 10:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дауыс беру учаскесін қалай оңай табуға болады

2022 жылдың 5 маусымында Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Осы орайда дауыс беруге бармастан бұрын қай дауыс беру учаскесіне тіркелгеніңізді білген абзал, деп хабарлады Elorda.info.

Дауыс беру учаскесін қалай оңай табуға болады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндік береді:

Ресми веб-сервис: referendum.astana.kz

Telegram-дағы чат-бот: ns_referendum_bot

«Қалалық қызметтер» бөліміндегі «SmartAstana» мобильді қосымшасы:

Android: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana&hl=ru

iOS: https://apps.apple.com/kz/app/smart-astana/id1080928295

іKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

Азаматты белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электрондық үкімет» порталына жүгіну қажет. «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері