Нұр-Сұлтан 25.3°
×
13.05.2022, 18:33
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алдағы демалыста ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Алдағы демалыста ауа райы қандай болады
Фото: Василий Крась

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның синоптикалық жағдайы Солтүстік Атлантикалық циклонның жылы секторына және соған байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шығыста, батыста және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бірақ бұған қарамастан, температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағандары 17-25 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде 18-28-ден 23-35 градусқа дейін көтеріледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері