Нұр-Сұлтан 24.4°
×
13.05.2022, 11:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде 673 сайттың жұмысына тыйым салынды

Қазақстанда заңға қайшы 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, деп хабарлады Elorda.info Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде 673 сайттың жұмысына тыйым салынды

Министрлік Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін атап өтті.

2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында "Байланыс туралы" заңның 41-1 бабы 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Олардан мынадай заңбұзушылықтар анықталды:

экстремизмді насихаттау – 5;

порнография тарату – 133;

есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;

ойын бизнесі – 272;

жарнама – 24;

әкімшілік құқықбұзушылық – 4;

алаяқтық – 197;

баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері