Нұр-Сұлтан 10.6°
×
11.05.2022, 18:56
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Тауда от жаққандар 300 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді

Алматыдағы тексеріс кезінде мамандар таулы жерде от жағудың 39 жағдайын тіркеп, алдын алды. Сондай-ақ таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 21 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Elorda.info қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тауда от жаққандар 300 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді
Фото: ашық дереккөз

Рейд барысында табиғат аясында демалушыларға 10 мыңға жуық жадынама таратылды. Мұнымен қатар, 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екеуіне 76 575 теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Орман шаруашылығы мекемелері мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қорғалған аумақтарда от жаққандарға 30 мыңнан 306 300 теңгеге дейін айыппұл сала алады.

Демалушылардан тұтанған темекіні құрғақ шөпке тастамау, от жақпау және ашық отты пайдаланбауды, шыны сынықтарын және басқа да қоқыстарды қалдырмауды сұраймыз. Сонымен қатар, Медеу ауданындағы Медеу табиғи паркінде және Наурызбай ауданындағы Ақсай шатқалында от жағуға болмайды, – деп ескертті мамандар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері