Нұр-Сұлтан 15.9°
×
28.04.2022, 19:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрілер таңбаланады

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі толықтырылды, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрілер таңбаланады
smway.ru

Атап айтқанда, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап дәл сол күннен бастап шығарылатын дәрілерге таңбалау енгізіледі.

Тізімге мыналар қосылды:

-иммундық сарысулар және қанның басқа фракцияларына керек дәрілер;

-дәрілік пішіндерге немесе бөлшек саудаға арналған пішіндерге немесе қаптамаларға салынған иммунологиялық препараттар;

-емдік, профилактика немесе диагностика үшін дайындалған жануарлардың қаны;

-басқа да барлық дәрілер.

Еске сала кетейік, биыл мына тауарлар да таңбаланады:

-2022 жылғы 1 сәуірден бастап темекі, барлық темекі бұйымдары;

-2022 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқкиімдер.

Қаулы 2022 жылдың 8 мамырында күшіне енеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері