Нұр-Сұлтан 18°
×
28.04.2022, 10:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

2030 жылға таман әлемдегі табиғи апаттар 40%-ға көбейеді – БҰҰ

2030 жылға таман әлемде жыл сайын болатын табиғи апаттар саны 400-ден 560-қа дейін, яғни 40%-ға артады, деп хабарлайды Elorda.info БҰҰ-ның апаттар қауіптілігін төмендету жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.

2030 жылға таман әлемдегі табиғи апаттар 40%-ға көбейеді – БҰҰ
Фото: forumdaily.com

Салыстыру үшін айтсақ, 1970 жылдан 2000 жылға дейін әлемде жыл сайын орта және ірі көлемдегі 90-нан 100-ге дейін табиғи апат болып тұрған.

Мемлекеттер өз уақыты мен ресурстарын жұмсап, басқа төнген қауіпті түсінгенде ғана бұл апаттардың алдын алуға болады, – дейді апаттар қауіптілігін төмендету жөніндегі бас хатшының арнайы өкілі Мами Мидзутори.

Ұйым сарапшыларының мәліметінше, соңғы жылдары табиғи апат құрбандарының саны алдыңғы бес жылдағыға қарағанда өскен. Мұның себебі – климаттық дағдарыс әсерінен табиғи апаттар бұрын-соңды болмаған жерлерде көрініс тауып отыр. Ал аймақтарда халыққа апат жайлы ескерту және оның алдын алу жүйелері жұмыс істемейді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері